Ғалымдар коронавирус қашан жай тұмау болып кететінін анықтады

АҚШ ғалымдары жүргізген зерттеуге сәйкес, инфекция жұқтыру қаупі балалар арасында жоғары болады.

Алдағы он жылдың ішінде SARS-CoV-2 кішкентай балаларға жиі жұға бастап, жай тұмауды қоздыратын коронавирустарға ұқсап кетуі мүмкін. Пенсильвания университетінің ғалымдары осындай болжам жасап отыр. Зерттеу нәтижесі Science Advances журналында жарияланды, деп хабарлады Lenta.ru сайты.

Ғалымдар математикалық модельдеу негізінде адамның жас ерекшеліктерін ескере отырып, пандемияның қалай өзгеретінін, сондай-ақ коронавирусты жұқтыру және одан қайтыс болу сценарийлерін зерделеп шықты. Зерттеуге сәйкес, алдағы уақытта ересек адамдардың коронавирусты жұқтыру көрсеткіші төмендейді. Себебі оларда иммунитет болады.

Университет мамандары қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мезімді, яғни 1, 10 және 20 жылда болатын аурудың динамикасына болжам жасады. Осы орайда ғалымдар Қытай, Жапония, Еуропа, Испания, Италия, АҚШ, Бразилия және тағы басқа елдердің демографиялық ерекшеліктерін де ескерді.

Зерттеу нәтижесіне сәйкес, болашақта инфекция жұқтыру қаупі балалар арасында жоғары болады. Тұмауды қоздыратын вирустар мен коронавирустар да дәл сондай өзгеріске ұшыраған. Мәселен 1889-1890 жылдары «азиялық тұмау» немесе «орыс тұмауы» болған. Соның салдарынан миллион адам қайтыс болды. Олардың басым бөлігі – 70 жастан асқандар. Осы пандемия HCoV-OC43 вирусынан басталды деген болжам бар. Артынан ол жай тұмау вирусынан айналып, көбінесе 7-12 айлық балаларға жұққан.

Дегенмен ересек адамдарда SARS-CoV-2 вирусына қарсы қажетті иммунитет болмаса, қазіргі коронавирус қайта-қайта жұға береді. Сөйтіп айналып жүреді. Бірақ адамдар жеңіл ауырады.

Sputnik.kz

Автор: Надежда Лигай

Читайте также

«Бақытты отбасы» ипотекасына қатыса алатын отбасы санаттары артты

Енді бағдарламаға жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, I және II топтағы мүгедектер де қатыса …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.