Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жайлы қысқаша мәлімет (Бейне)

1 шілдеден бастап елімізде «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі» күшіне енеді. Көп уақыт бойы талқыға түсіп, былтыр қабылданған Заң аясындағы медицинаның жаңа жүйесі жайлы қысқаша ақпарат бере кетуді жөн санап отырмыз.

Медициналық сақтандыру — денсаулық сақтаудағы халықтың мүддесін әлеуметтік қорғаудың түрі, медициналық көмек қажет еткенде сақтандырылған жағдай бойынша науқасқа жинаған қаржы кепілдік болады. Медициналық сақтандыру көптеген елдерде халық үшін, сонымен бірге жұмыс берушілер үшін денсаулық сақтау жүйесінің тиімді модельдерінің бірі ретінде танылған.

Міндетті медициналық сақтандыру кез келген тұрғынды медициналық сақтандырумен қамтамасыз етеді. Оның басты маңыздылығы да сонда. Медициналық сақтандыру ең алдымен адамның өз денсаулығына жауапкершілігін арттырады. Сонымен қатар, сақтандыру қорына жарна төлеу арқылы азаматтар қалаған аурухана мен емханадағы дәрігеріне барып, емделуге мүміндік алады. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында ақшасы бар азаматтардың емдеу ақысы дәрігерлерге сол қордан төленеді. Ал медициналық қызмет үшін жасалатын төлемдер қордағы ақшадан алынатын болғандықтан, енді емдеу мекемелері арасында бәсекелестіктің басталатыны да сөзсіз. Өз кезегінде бәсекелестік медициналық қызмет көрсетудің сапасын арттырады.

Қазақстанда экономикалық белсенді емес тұрғындар саны шамамен 10 миллион адамды құрайды. Бұл балалар, егде жастағы адамдар, көп балалы аналар, жүкті əйелдер, жұмыс істемейтін мүгедектер жəне т.б. Сондай-ақ жұмыс берушілер өз жұмыскерлерінің денсаулығына қамқор болуға тиіс, себебі дені сау жəне өнімді еңбек ресурстары – кез-келген кəсіпорынның табыстылығының кепілі. Сондықтан барлық міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру қолданылатын барлық елдерде жұмыс берушілер медициналық сақтандыру жүйесін еңбекақы төлеу қорынан 3%-дан 15%-ға дейін мөлшері құрайтын жарна енгізеді. Жарна мөлшері мен МӘМС жайлы қарапайым тілде төмендегі видеодан толығырақ таныс бола аласыздар.

http://https://youtu.be/XhLaXYSiI7k

Ақпарат көзі massaget.kz

Автор: Корреспондент

Читайте также

Енді Интернет арқылы заңға қайшы ақпаратқа шағымдануға болады

ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің ресми сайтында «Шағымдану» қосымшасы ашылды. Бұл қосымшада тұрғындар Қазақстан заңнамасына қайшы келетін …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *