A.Eremenko

«Шахтер» клубын ресейлік маман жаттықтыратын болды

4 тамызда «Шахтер» стадионында қарағандылық клубтың бас бапкерлігіне ресейлік маман Алексей Еременконы тағайындауға арналған баспасөз мәслихаты өтті. Жиынға Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Наталья Сухорукова мен «Шахтер» футбол клубының атқарушы директоры Асқар Әбілдаев қатысты, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

Еременкомен келісімшарт осы маусымның соңына дейін жасалып отыр.

Алексей Еременко карьерасын «Ростсельмашта» бастады, сонан соң ростовтың СКА клубында, мәскеулік «Спартакта», «Торпедо» және «Динамо» командаларында ойнады. 1990-жылдардың басында Финляндияға ауысып, Яро және ХИК клубтарында өнер көрсетеді, бір маусымын норвегиялық «Тромседе» өткізді. 1986 жылдан бері спорт шебері. 41 жасына дейін доп тепті.

Жетістіктері: КСРО чемпионы – 1987, КСРО кубогының финалисі – 1988, КСРО біріншілігінің үш дүркін қола жүлдегері (1986, 1988, 1990), Финляндияның екі дүркін чемпионы (2002, 2003), Финляндия кубогын екі рет иеленген (2000, 2003).

2006 жылы бапкерлік қызметін бастап, финляндиялық ЯБК клубын басқарды.

Автор: Индира Токмурзина

Читайте также

D.Abaev

Енді Интернет арқылы заңға қайшы ақпаратқа шағымдануға болады

ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің ресми сайтында «Шағымдану» қосымшасы ашылды. Бұл қосымшада тұрғындар Қазақстан заңнамасына қайшы келетін …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *