Среда, 27.05.2020

Риодағы Олимпиада ойындарының медальдік есебі бойынша Қазақстан 11-інші орында

Қазақстан құрамасы Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарының жарыс  нәтижесі бойынша бүгін 11-інші орынға көтерілді, деп хабарлайды Today.kz.

Қазіргі уақытта қоржынымызда жеті медаль: екі «алтын» — ауыр атлет Нижат Рахимов пен жүзуші Дмитрий Баландин, екі «күміс» — дзюдоист Елдос Сметов пен ауыр атлет Жазира Жаппарқұл,  сонымен қатар үш «қола» — дзюдоист Отгонцецег Галбадрах пен  ауыр атлеттер Фархад Харки, Карина Горичева.

Медальдік есеп бойынша бірінші орынға АҚШ жайғасты, олардың еншісінде 10 «алтын», 11 «күміс», тоғыз «қола» медаль. Екінші орында Қытай – тоғыз «алтын», төрт «күміс»,  сегіз «қола». Үшінші орында Жапония – алты «алтын», он «күміс», он «қола». Ресей төрт «алтын», жеті «күміс», төрт «қола» медальмен бесінші орында.

Рио-де-Жанейродағы XXXI жазғы Олимпиада ойындары тамыздың 21 дейін жалғасады.

Автор: Индира Токмурзина

Аватар

Читайте также

Әлеуметтік төлемге өтініш беріп, теріс жауап алған қарағандылықтар үмітсіз қалмауы тиіс

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары 42 500 төлемін ала аламаған әрбір жағдайды анықтап, жеке талданатынын жеткізді. …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *