Елімізде декреттік төлемдерді рәсімдеу жеңілдеді

Елімізде декреттік төлемдерді рәсімдеу процесі жеңілдеді, деп хабарлайды Вnews.kz.

Жүктілік және босану кезінде әлеуметтік төлемдер алуға қажетті құжаттар топтамасы қысқартылды. Бұл Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бірлескен жұмысының арқасында мүмкін болып отыр. Енді әйелдер өтініш бергенде соңғы 12 айға жұмыс орнынан табысы туралы анықтама ұсынбайды. Жеке куәлігін, еңбекке жарамсыздық парағы мен банк шотын әкелсе жеткілікті. Жеке кәсіпкер куәлігі бар әйелдерге сондай-ақ ЖК тіркеу туралы куәлік пен салық бойынша салыстырып тексеру актісі қажет болады.

«Бұрын мемлекеттік корпорацияның жұмыскерлері автоматтандырылған ақпараттық жүйеге нақты аударылған әлеуметтік аударымдарды жұмыс орнынан берілген анықтамада көрсетілген сомалармен салыстырып тексеру жүргізетін және сәйкес болмаған жағдайда нақтылау үшін құжаттар қайтарылатын. Қазір Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін әлеуметтік төлемдер мөлшерлерін тағайындау қағидасына енгізілген өзгерістердің арқасында жүктілігіне және босануына байланысты төлемдерді тағайындау автоматтандырылған ақпараттық жүйеде қамтылған нақты аударымдар бойынша жүзеге асырылады», — дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ЗТМО дирекциясы директорының орынбасары Серікқан Сабыржанов.

Зейнетақы мен жәрдемақы есептеуге қатысты кез келген мәселе бойынша 1411 тегін нөміріне хабарласуға болады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы баспасөз қызметінің мәліметінше, жыл басынан бері мемлекеттік корпорация арқылы жүктілікке байланысты 97,5 мың  әлеуметтік төлем тағайындалды.

Автор: Индира Токмурзина

Читайте также

2018 жылы ҰБТ қалай өтеді

Ақпарат көзі: baq.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *