2016 жылы еліміз бойынша қай салалардың жалақысы өскені анықталды

Еліміздегі айлық мөлшерінің өсуі соңғы біршама уақытта көтерілген тауар бағасына кереғар көрсеткіште. Экономика министрлігінің жақында ғана таратқан ақпаратына сай күнделікті тұтыну тауарларына соңғы алты айдың көлемінде 15 пайызға дейін баға қосылған. Ал бүгін Ranking.kz сараптама қызметі 2016 жылғы екінші тоқсанның қорытындысы бойынша қай салада еңбекақы көтерілгені туралы мәлмет таратты — деп хабарлайды BAQ.kz.

2016 жылдың екінші жартысындағы жалақы мөлшері бойынша қазақстандықтардың орташа айлығы 143600 теңгені құрады. Бұл 2014 жылдың 4 тоқсанымен салыстырғанда ең жоғары көрсеткіш деуге болады. Мысалға 2014 жылы номиналдық жалақы мөлшері 8,8 пайыз болса, биылғы көрсеткіш 15 пайызды құрап отыр.

Соңғы екі жыл көлемінде негізгі жалақының өсуі құрылыс саласы (+14,51 пайыз) мен тау-кен өндірісі саласында (+14,47 пайыз) анық байқалды.

Соған қарамастан, 2015 жылдың екінші тоқсанында құрылыс саласы барлық 19 экономикалық саланың ішінде төртінші болып тіркелсе, (оның алдында ғылыми және техникалық сала, қаржылық қызмет пен білім беру салалары бар), Тау-кен өнеркәсібінде шикізатқа сұраныс азайып, бағасы төмендегеннен кейін ол сала тек жетінші орынға тұрақтаған.

Сараптама қызметінің қарабарлауынша аутсайдерлер қатарында, мемлекеттік сала мен әкімшілік сала, сондай-ақ көмекші салалардың орташа жалақысы 2015 жылы азайған.

2016 жылдың екінші тоқсанының қорытындысы бойынша, жалақының орташа көрсеткіші ешбір салада төмендемеген, алайда ең төменгі сатыда ақпараттық және байланыс қызметін көрсететін компаниялар тұр. Олардың орташа еңбекақы мөлшері небәрі 3,6 пайызға өскені анықталды.

Автор: Индира Токмурзина

Читайте также

Тамыз айында қазақстандықтар 10 күн демалады

2018 жылдың тамыз айында Қазақстан тұрғындары мереке күндерін қосқанда 10 күн демалады, деп хабарлайды Baq.kz …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *