Қарағанды қаласы бойынша ТЖБ басшысы тағайындалды

Қарағанды қаласы бойынша Төтенше жағдайлар басқармасының басшысы болып Нұрлан Бекбосынов тағайындалды, деп хабарлады Қарағанды облысы бойынша ТЖД баспасөз қызметінен.

Осыған дейін ол Қарағанды облысы ТЖ Департаментінде төтенше жағдайларды алдын алу бөлімінің бастығы лауазымын атқарған, деді ведомствода.

Нұрлан Бекбосынов 1971 жылы 1 қазанда Қарағанды облысы Балқаш қаласының Саяқ кентінде дүниеге келген. 2004 жылы О. А. Байқоңыр атындағы Жезқазған университетін бітіреді. 2010 жылы ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтын тәмамдады.

ЧС1

Еңбек жолын 1993 жылы  «Балқашмыс» ӨБ нысандарын күзету  бойынша Жезқазған облысы  ішкі істер басқармасының  өрт сөндіру жасағының әскери  1997 жылы өрт күзетінің Саяқ кентіндегі жеке бекеті басшысы болып бастаған. Қарағанды облысы МӨҚҚ 45-ӨСБ тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмысы бойынша бастығының орынбасары. 2003 жылы Қарағанды облысы МӨҚҚ ББ Балқаш қ. МӨҚҚБ 45-МӨСБ тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмысы бойынша бастығының орынбасары. 2008 жылы Қарағанды облысы бойынша «ӨСжАҚЖҚ» ММ филиалы 50-ӨСБ бастығы. Ал 2014 жылы Қарағанды қаласы ТЖ басқармасының төтенше жағдайларды жою бөлімінің басшысы қызметін атқарды.

Автор: Индира Токмурзина

Читайте также

2018 жылы ҰБТ қалай өтеді

Ақпарат көзі: baq.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *