Суббота, 14.12.2019

Қазақстандық дзюдошы Олимпиадаға жолдама алды

Қазақ спортының жанкүйерлері үшін қуанышты жаңалық. Дзюдошы Дидар Хамза күтпеген жерден Олимпиадаға баратын болды.

Бұл туралы Халықаралық дзюдо федерациясына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.
Олимпиада алдындағы рейтингте Дидар Хамза үздіктер қатарына енген жоқ. Себебі, Дидардың ересектер арасында күресе бастағанына көп болмаған. Сондықтан, оған Олимпиадаға ұпай жинау үшін уақыттың аздығы кедергі болған еді.

Алайда, Халықаралық дзюдо федерациясы Олимпиадаға жолдама алған канадалық балуан Артур Маргелдионның қанынан допинг тауып, оны жарыстан шеттетті. Осылайша, резервте тұрған қазақ балуаны Дидар Хамза Риодағы ойындарға қатысу құқығын иеленді.

«Иншалла, Рио 2016! Өзім де бүгін естіп қуанып жатырмын», — деп жазды спортшы желідегі парақшасында.
Дидар Хамза жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, ересектер арасында Австрияда өткен Еуропа ашық кубогінің жеңімпазы, Алматыда өткен Гран-при турнирінің қола жүлдегері. Дидар осы турнирде Олимпиада ойындарының жүлдегері, моңғолиялық Ням-Очир Саинжаргалды жеңген болатын.

Рио Олимпиадасында Қазақстан намысын қорғайтын дзюдошылар саны осылайша тағы бірге көбейді. Осыған дейін Елдос Сметов (60 келі), Жансай Смағұлов (66 келі) және Максим Раков (100 келіге дейін) Олимпиада жолдамасын иеленген.

Автор: Индира Токмурзина

Аватар

Читайте также

Төтенше жағдайдан зардап шеккендер көмекті кімнен сұрай алады – Нұсқау

Жылдың басы елімізде көптеген апаттармен есте қалды. Бұған дейін өрт, газ жарылыстары жиі болған еді, …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *